Бонустар
клиентке
ыңғайлы жерде
Кофеханалар, салондар мен дүкендерге арналған адалдық бағдарламасы. Клиент бонустарды oina мобильді қосымшасында немесе Telegram mini app-та жинайды — картасыз және сауалнамасыз. Сіз оларды админ-бот арқылы есептейсіз.
Күн сайын
бонус
жинаңыз
Мекемеде QR-ды сканерлеңіз, балансты қадағалаңыз және сыйлықтарды алыңыз — oina қосымшасында немесе тікелей Telegram-да. Карта мен сауалнама қажет емес.
Клиенттерге арналған толыққанды қосымша: баланс, сыйлықтар және маңайдағы мекемелер.
Орнатусыз дәл сол: QR-кіру, бонустар, сыйлықтар және мәзір Telegram-да.
Клиент қайта оралады
Жиналған бонус — көршіге емес, сізге келуге себеп.
Чек өседі
Сыйлықтар мен арнайы ұсыныстар келесі сатып алуға жетелейді.
База — сіздікі
Жылдық тарифте клиенттерге Telegram арқылы хабарламалар.
Өзіңізбен ештеңе алып жүрмейсіз
Бонустар пластик картада емес, қосымша мен Telegram-да сақталады.
Қанша қалғаны көрініп тұрады
Баланс пен сыйлыққа дейінгі прогресс әрқашан басты экранда.
Сөз жүзіндегі жеңілдік емес, нақты сыйлық
Тегін кофе, күтім немесе мәзірдегі позиция — жинаған бонусыңызға.
Бұл қалай жұмыс істейді
Мекемені баптаймыз
Нүкте деректерін және бонустық бағдарламаның құрылымын толтырамыз.
Сіз админ-бот аласыз
Есептеу мен есептен шығару Telegram-да, жаңа жабдықсыз.
Сыйлықтар мен мәзір қосасыз
Тегін кофе, жеңілдіктер, ассортимент пен баға — өзіңізге қажетінше.
Клиент ыңғайлы жерін таңдайды
Қосымша не Telegram — бонустық бағдарлама біреу.
Қалай бастау керек
oina-ны ашыңыз
Telegram-да қазірдің өзінде, App Store мен Google Play-де — жақында.
Кассадағы QR-ды сканерлеңіз
Мекеме карточкасы бір тап-пен ашылады, бонус бірден есептеледі.
Сыйлықтарды алыңыз
Баланс жинап, оны тегін позициялар мен жеңілдіктерге ауыстырыңыз.